©2018 Учебные документы
Рады что Вы стали частью нашего образовательного сообщества.

Ж. Қарағанды 2016 кіріспе



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

Қазақстан Республикасы Президентінің Тұңғыш университеті

Қазақстан Республикасында мемлекеттік жастар аясаты туралы заң

(31.10.2015 ж.)

Қарағанды 2016


КІРІСПЕ


Бүгінгі жастар - бұл халықтың ең ұйымдасқан, әлеуметтік белсенді сегменттерінің бірі болып табылады, яғни бұл дегеніміз объективті қоғамның өміршеңдігі және энергетикалық жаңа идеялар генераторы болып табылады.

Жастар еліміздің болашағы ғана емес, олар бүгініміздің болашағы.

Жатар мәселесі және жастар саясаты қазіргі жаңа кезеңде жаңартылады. Яғни жастар, басқа әлеуметтік-демографиялық топтарға қарағанда, прогрессивті және жаңа бағытқа жол ашу. Бұл стратегиялық жоспарларды іске асыру еліміз үшін және мемлекеттің әлеуметі ретінде қарастырған жөн.

Алайда, жастардың шынайы серіктесі ғана ретінде консерватизм, инфантилизм, әлеуметтік-демографиялық топтардың белгілі бір бөлігін

саяси және деструктивті мінез-құлық жағдайда ескеруге болады.

Жастар саясаты үшін берілген осы үлкен рөл тиімділігі ол жастардың тағдырына және елдің болашағына байланысты. Жастар саясаты Қазақстанда қаншалықты тиімді? Ол ойлау, қалыптастыру және дамыту үшін жағдайды, сонымен қатар ақылды, патриотты, білімді, дені сау, экономикалық бай жастарды бере ме? Осындай жастарды қоғам мен мемлекеттің одан әрі дамытуы үшін негізгі - адами әлеуметі ретінде қарастыруға болады.

Қазақстандағы жастар саясатының маңызды бағыттарының бірі - азаматтық жастардың қалыптасуы мен дамуы. Сонымен қатар біз қазақ азаматтығы туралы ғана емес,сонымен қатар Еуразиялық өркениет, Орталық Азия азаматтығы жайында әңгіме қозғауымыз керек.

Мәселенің маңызды аспектілерінің бірі – жастар саясатын іске асыруда бұл сұраққа тікелей жауапты кім береді. Билік органдарында жастардың тағдыры үшін жоғарғы оқу орындарында арнайы мамандар жұмыс істеуге тиіс. Мысалы, Еуропалық орталығында арнайы кеңесшілер айналысатын бағдарламалар, жастар мәселелері оқытылады. Қазақстанда жастар саясаты халықаралық саясатпен сәйкес жүргізіледі.

Осы Заң мемлекеттік жастар саясаты саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.

Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар


Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) жас маман – жиырма тоғыз жасқа толмаған, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген және білім туралы құжатта көрсетілген мамандық бойынша үш жылдан аспайтын уақыт жұмыс істеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматы;

2) жас отбасы – ерлi-зайыптылардың екеуi де жиырма тоғыз жасқа толмаған отбасы не баланы (балаларды) жиырма тоғыз жасқа толмаған
ата-ананың бiреуi тәрбиелейтін толық емес отбасы;

3) жастар – Қазақстан Республикасының он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейiнгi азаматтары;

4) жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылым – мемлекеттік жастар саясатын іске асыру үшін қажетті объектілер (үйлер, құрылыстар, ғимараттар), сондай-ақ жас азаматтардың денсаулығын сақтау, оларға білім беру, оларды тәрбиелеу, әлеуметтік қызмет көрсету, дене бітімін, рухани және имандылық тұрғысынан дамыту, олардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету және олардың қоғамдық қажеттіліктерін қанағаттандыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар жүйесі;

5) «Қазақстан жастары» ұлттық баяндамасы – мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуын талдауды және оны жетілдіру жөніндегі ұсынымдарды қамтитын жыл сайынғы есеп;

6) мемлекеттiк жастар саясаты – мемлекет жүзеге асыратын және жастарды қолдау мен дамытуға бағытталған әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық және құқықтық шаралар жүйесі;

7) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – мемлекеттік жастар саясаты саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

8) өңірлік жастар форумы – жергілікті атқарушы органдар мен жастар арасындағы өзара іс-қимылдың өңірлік деңгейін қалыптастыру мақсатында өткізілетін жастар өкілдерінің форумы;

9) республикалық жастар форумы – өңірлік форумдарда сайланған жастар өкілдерінің мемлекеттік органдар мен жастар арасындағы өзара


іс-қимылдың жалпыұлттық деңгейін қалыптастыру мақсатында өткізілетін форумы.

Қазақстан Республикасының мемлекеттiк жастар саясаты саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше қағидалар белгiленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.


Мемлекеттік жастар саясатының мақсаты, міндеттері

және қағидаттары


1. Мемлекеттiк жастар саясатының мақсаты жастардың толыққанды рухани, мәдени, білім алып, кәсіби және дене бітімінің дамуы, шешімдер қабылдау процесіне қатысуы, ойдағыдай әлеуметтенуі және олардың әлеуетін елді одан әрі дамытуға бағыттау үшін жағдайлар жасау болып табылады.

2. Мемлекеттік жастар саясатының міндеттері:

1) жастардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау;

2) жастарды елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне тарту;

3) азаматтыққа тәрбиелеу және қазақстандық патриотизм сезімін нығайту болып табылады.

3. Мемлекеттік жастар саясаты:

1) мәдени, имандылық және рухани құндылықтардың басымдығы;

2) азаматтық, жауаптылық, еңбексүйгіштік;

3) конфессияаралық келісім мен этносаралық тағаттылық;

4) ұрпақтар сабақтастығы, отбасылық тәрбиенің басымдығы;

5) мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыруға және іске асыруға жастардың қатысуы;

6) мемлекеттік жастар саясатын қалыптастыруға және іске асыруға ғылыми, кешенді және дәйекті көзқарас қағидаттарына негізделеді.


Мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттары:

1) қолжетімді және сапалы білім беруді қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық әлеуетті дамыту;

2) денсаулықты сақтау және нығайту, саламатты өмір салтын қалыптастыру;

3) жұмысқа орналасу мен жұмыспен қамту үшін жағдайлар жасау;

4) жастар арасында кәсіпкерлік қызметті дамыту үшін жағдайлар жасау;

5) жас отбасылар үшін қолжетімді тұрғын үй жүйесін дамыту;

6) құқықтық мәдениет деңгейін арттыру, сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікке тәрбиелеу;

7) экологиялық мәдениетті қалыптастыру;

8) талантты жастарды дамытуға жәрдемдесу;

9) мәдени бос уақыт пен демалыс үшін жағдайларды қамтамасыз ету болып табылады

Қазақстан Республикасының Үкіметі:

1) мемлекеттік жастар саясатының негізгі бағыттарын әзірлейді және оның жүзеге асырылуын ұйымдастырады;

2) Қазақстан Республикасының Президентіне «Қазақстан жастары» ұлттық баяндамасын енгізеді;

3) «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру тәртібін, оның ақшалай сыйақы мөлшерін және номинацияларын бекітеді;

4) өзіне Конституциямен, Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды

Уәкілетті орган:

1) мемлекеттік жастар саясатын қалыптастырады және іске асырады;

2) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;

3) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады;

4) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асырады;

5) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша түсіндіру жұмысын жүзеге асырады;

6) мемлекеттік жастар саясатын ғылыми және әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;

7) мемлекеттік жастар саясаты саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;

8) «Қазақстан жастары» ұлттық баяндамасын дайындау және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады және үйлестіреді;

9) әкімдіктер жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестер туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді;

10) республикалық жастар форумын өткізу тәртібін және өңірлік жастар форумы туралы үлгілік қағидаларды әзірлейді және бекітеді;

11) жастар ресурстық орталықтары туралы үлгілік ережені әзірлейді және бекітеді;

12) «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын беру тәртібін әзірлейді;

13) жастардың волонтерлік қызметін дамытуға жәрдемдеседі;

14) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Білім беру саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:

1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;

2) білім беру мәселелері бойынша жастар ұйымдарымен өзара
іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады;

3) білім беру мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асырады;

4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган өз құзыреті шегінде:

1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;

2) жастарды жұмысқа орналастыруға және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөнінде шаралар әзірлейді;

3) «Жастардың еңбек биржасы» бірыңғай ақпараттық порталының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

4) жастарды жұмысқа орналастыруға және жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мәселелері бойынша жастар ұйымдарымен өзара


іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады;

5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:

1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;

2) жастар жүзеге асыратын кәсіпкерлік қызметті дамыту жөніндегі шараларды әзірлейді;

3) жастар арасында кәсіпкерлік қызметті дамыту мәселелері бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады;

4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Мәдениет саласындағы уәкілетті органның құзыреті

Мәдениет саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:

1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;

2) талантты жастарды және перспективті жастар шығармашылық ұжымдарын іздестіру мен қолдауға бағытталған іс-шаралар кешенін жүзеге асырады;

3) мәдениет мәселелері бойынша жастар ұйымдарымен өзара
іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады;

4) мәдениет, қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту мәселелері бойынша жастар бастамаларын қолдауға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асырады;

5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Діни қызмет саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:

1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;

2) конфессияаралық келісім мен діни тағаттылықты нығайту бойынша жастар арасында түсіндіру жұмысын жүзеге асырады;

3) конфессияаралық келісім мен діни тағаттылықты нығайту бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады;

4) жастар арасында конфессияаралық келісім мен діни тағаттылықты нығайту мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асырады;

5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Ішкі істер органдары өз құзыреті шегінде:

1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;

2) жастар арасында құқық бұзушылықтардың профилактикасы жөнінде шаралар қолданады;

3) жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу жөнінде шаралар қолданады;

4) жастар арасында құқық бұзушылықтардың профилактикасы бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады;

5) жастар арасында құқық бұзушылықтардың профилактикасы мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асырады;

6) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның

құзыреті


Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:

1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;

2) жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру жөнінде шаралар қолданады;

3) қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады;

4) жастар арасында қоршаған ортаны қорғау мәселелері бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асырады;

5) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.


Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті орган өз құзыреті шегінде:

1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;

2) бұқаралық ақпарат құралдары мәселелері бойынша жастар ұйымдарымен өзара іс-қимылды және ынтымақтастықты жүзеге асырады;

3) мемлекеттік жастар саясаты мәселелері бойынша мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастырады;

4) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыреті


1. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті өкілді органы өз құзыреті шегінде:

1) жылына кемінде бір рет жергілікті атқарушы органдар басшыларының мемлекеттік жастар саясатының іске асырылу барысы туралы есептерін тыңдайды;

2) әкімдіктер жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестердің қызметіне қатысады;

3) жылына кемінде бір рет мемлекеттік жастар саясатының іске асырылу мәселелері бойынша жария тыңдаулар өткізеді;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы өз құзыреті шегінде:

1) мемлекеттік жастар саясатын іске асырады;

2) өзекті проблемаларды анықтау және шешу, мемлекеттік жастар саясатын іске асырудың тиімділігін арттыру үшін мониторинг жүргізуді және жастардың қажеттіліктерін бағалауды қамтамасыз етеді;

3) жастарды жұмыспен қамту және жұмысқа орналастыру саясатын іске асыруды қамтамасыз етеді, еңбек нарығының және жас мамандарды жұмысқа орналастыру практикасының мониторингін ұйымдастырады;

4) жастардың волонтерлік қызметін және жастардың өзін-өзі басқаруын дамытуға жәрдемдеседі;

5) жастар ресурстық орталықтарын құрады, олардың қызметін қамтамасыз етеді және үйлестіреді;

6) өңірлік жастар форумын өткізуді қамтамасыз етеді;

7) қазақстандық патриотизмді, конфессияаралық келісім мен этносаралық тағаттылықты нығайту жөнінде шаралар қолданады;

8) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін жергілікті мемлекеттік басқару мүдделеріне орай өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖӘНЕ ІСКЕ АСЫРУДЫҢ ТЕТІКТЕРІ


Республикалық және өңірлік жастар форумдары
1. Жастар форумы республикалық және өңірлік деңгейлерде өткізіледі.

2. Республикалық жастар форумы:

1) орталық мемлекеттік органдар мен жастар, жастар ұйымдары арасындағы диалог пен өзара іс-қимылды;

2) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелерін талқылауды қамтамасыз етеді.

3. Республикалық жастар форумында «Қазақстан жастары» ұлттық баяндамасы талқыланады, орталық және жергілікті атқарушы органдардың есептері тыңдалады, оның қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру жөнінде ұсынымдар енгізіледі.

4. Өңірлік жастар форумы:

1) жергілікті атқарушы органдар мен жастар, жастар ұйымдары арасындағы диалог пен өзара іс-қимылды;

2) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелерін талқылауды;

3) мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру жөнінде ұсынымдар әзірлеуді қамтамасыз етеді.

Мемлекеттік жастар саясаты саласындағы

консультативтік-кеңесші органдар


1. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес консультативтік-кеңесші орган болып табылады, оның өкілеттіктерін, қызметін ұйымдастыру және оның тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.

2. Әкімдіктер жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылатын және өз қызметін мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру және ведомствоаралық өзара


іс-қимылдың тиімділігін арттыру жөнінде ұсынымдар әзірлеу
мақсатында жүзеге асыратын консультативтік-кеңесші органдар болып табылады.

3. Жастар ұйымдарын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылатын және өз қызметін жастар ұйымдарының тиімді өзара іс-қимыл жасауы, қызметін үйлестіруді күшейту мен одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсынымдар әзірлеу мақсатында жүзеге асыратын, уәкілетті орган жанындағы


консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

4. Орталық атқарушы органдарда үкіметтік емес ұйымдармен, оның ішінде жастар ұйымдарын тарта отырып, өзара іс-қимыл жасау және ынтымақтастық жөніндегі кеңестер құрылуы мүмкін.


1. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жастарға арналған әлеуметтік инфрақұрылым құруды және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

2. Жастар ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды және өздерінің жарғылық мақсаттарын жүзеге асыру үшін қажетті өзге де мүлікті өтеусіз пайдалануға алуы мүмкін.


Жастар ресурстық орталықтары


1. Жастар ресурстық орталықтары жастар мен жастар ұйымдарын қолдау және дамыту үшін қызметтер көрсету мақсатында құрылады.

2. Жастар ресурстық орталықтары жастардың бастамаларын ақпараттық-әдістемелік, консультациялық демеу мен қолдауды, жастар арасындағы ахуалдың мониторингін және оны талдауды жүзеге асырады.

3. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, жастар ресурстық орталықтары көрсететін қызметтер тегін ұсынылады.

«Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы

1. «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы мемлекеттік жастар саясатын іске асыруды ғылыми қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылады.

2. «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы ғылыми зерттеулер жүргізеді және мемлекеттік жастар саясатын іске асыруды әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады.

3. «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының қызметін қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.

Жастарға арналған әлеуметтік қызметтер

1. Жастарға арналған әлеуметтік қызметтер өз қызметін жастардың зияткерлік, рухани, дене бiтiмi, шығармашылық дамуы, кәсiби даярлығы және кәсіпкерлік әлеуетін іске асыру үшін жағдайлар жасау мақсатында жүзеге асырады.

2. Жастарға арналған әлеуметтік қызметтер қызметінің негізгі бағыттары:

1) өмірлік қиын жағдайда жүрген, арнаулы білім беру ұйымдарынан және ерекше режимде ұстайтын білім беру ұйымдарынан оралған, маскүнемдіктен, нашақорлықтан, уытқұмарлықтан емдеуден өткен жастарға, сондай-ақ мүгедектер қатарындағы жастарға
психологиялық-педагогикалық, медициналық-әлеуметтік, заң көмегін және консультация беруді жүзеге асыру;

2) жастардың құқыққа қарсы әрекеттерінің профилактикасы;

3) тұрғылықты жері бойынша жастардың бос уақытын ұйымдастыру;

4) жастардың кәсiпкерлiк қызметiн қолдау мен дамыту;

5) жастардың өзiн-өзi басқаруын дамытуға жәрдемдесу;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де әлеуметтік маңызы бар бағыттар болып табылады.

Халықаралық ынтымақтастық

1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты саласындағы халықаралық ынтымақтастығы Қазақстан Республикасы заңнамасының және Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының негізінде жүзеге асырылады.

2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мемлекеттік жастар саясаты саласындағы халықаралық ынтымақтастыққа:

1) жастар мен жастар ұйымдарын Қазақстан Республикасы мүше болып табылатын халықаралық ұйымдардың қызметіне тарту;

2) тәжірибе алмасуға, достық және іскерлік қарым-қатынастарды дамытуға ықпал ететін іс-шараларды ұйымдастыру;

3) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін өзге де іс-шараларды ұйымдастыру арқылы жәрдем көрсетеді.

Мемлекеттік жастар саясатын қаржылық қамтамасыз ету

Мемлекеттік жастар саясатын қаржыландыру бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбағын өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады.

ЖАСТАРДЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ЖАСТАР САЯСАТЫН

ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА ЖӘНЕ ІСКЕ

АСЫРУҒА ҚАТЫСУЫ


Жастар ұйымдары

1. Жастар ұйымы үкіметтік емес ұйым болып табылады, оның қызметі жастарды дамытуға, олардың өзін-өзі жетілдіруіне, құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, сондай-ақ жастардың әлеуметтік, мәдени, білім алу, рухани және өзге де қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталады, оның мүшелері (қатысушылары) жастардың өкілдері болып табылады.

2. Жастар ұйымдары:

1) мемлекеттік жастар саясатының өзекті мәселелерін талқылауға;

2) мемлекеттік жастар саясаты саласындағы консультативтік-кеңесші органдардың қызметіне;

3) республикалық және өңірлік жастар форумдарының жұмысына;

4) жастардың өзін-өзі басқару органдарының қызметіне қатысуға құқылы.

Жастардың волонтерлік қызмет

1. Жастардың волонтерлік қызметі жеке және заңды тұлғалардың мүдделеріне орай өтеусіз негізде жүзеге асырылатын ерікті, қоғамдық пайдалы қызмет болып табылады.

2. Жастардың волонтерлік қызметі саяси партияларға және діни бірлестіктерді қолдауға бағытталмауға тиіс.

Жастардың өзін-өзі басқаруы

1. Жастардың өзін-өзі басқаруы тұлғалық және кәсіби өсу, қоғамда ойдағыдай әлеуметтенуі, оның зияткерлік және шығармашылық әлеуетін іске асыру үшін жағдайлар жасау жөніндегі жастар қызметін ұйымдастыру нысаны болып табылады.

2. Жастардың өзін-өзі басқару органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес негізгі орта, орта (жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім беру) орта білімнен кейінгі, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында және еңбек ұжымдарында құрылуы мүмкін.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

2. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2004 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2004 ж., № 16,


95-құжат; 2007 ж., № 10, 69-құжат; № 20, 152-құжат; 2010 ж., № 22,
130-құжат; 2011 ж., № 6, 49-құжат; № 11, 102-құжат; 2013 ж., № 14, 72,
75-құжаттар; 2014 ж., № 1, 4-құжат) күші жойылды деп танылсын.
?


vydalo-vydavatestvo-37.html

vydalo-vydavatestvo-6.html

vydan-prameny---vladislav.html

vydno-pod-ztitou-pedsedy-14.html

vydno-pod-ztitou-pedsedy-5.html